Ибрагимович тарихтағы ең үздік ойыншының есімін атады

28.12.2020, 00:51
Пір тұтатын футболшысының да есімі белгілі болды.
Ибрагимович тарихтағы ең үздік ойыншының есімін атады

"Милан" шабуылшысы Златан Ибрагимович тарихтағы ең үздік футболшы кім деген сұраққа жауап берді.

"Үздік қақпашы Буффон сияқты. Ол ең мықты қақпашы. Біз "Ювентуста" бірге керемет уақыт өткіздік. Бұл өте ерекше команда, менің алғашқы топ-клубым болды.

Недвед - бұл жай ғана машина. Ол дайындыққа дейін де, жаттығу кезінде және одан кейін де жұмыс істеді. Зидан. Ол алаңға шыққанда, ешкім оған қарсы тұра алмады.

Роналдо - бұл феномен, ол менің кумирім болды. Бірақ барлық уақыттағы ең жақсы футболшы - Марадона. Тіпті менен де жақсы", - деді Ибрагимович La Gazzetta dello Sport-қа берген сұхбатында.

Ибрагимович "Миланға" 2020 жылдың қаңтарында "Лос-Анджелес Гэлакси" клубынан ауысып келді. Бұл клуб үшін форвард 2010-2012 жылдар аралығында да ойнаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×