«Барселона» Левандовски үшін «Бавария» талап еткен ақшаны ұсынды

12.07.2022, 17:03
Поляк футболшысы бүгін мюнхендік клубқа оралуы тиіс.
«Барселона» Левандовски үшін «Бавария» талап еткен ақшаны ұсынды

«Барселона» мюнхендік «Баварияға» шабуылшы Роберт Левандовскидің трансфері үшін соңғы ұсынысын жасады, деп хабарлайды Sport.es порталы.

Дереккөздің айтуынша, каталондық клуб «Баварияға» 50 миллион еуро ұсынған және мюнхендіктердің бұл ұсынысты тезірек қабылдағанын қалайды. «Барселона» шабуылшыға тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен үш жылдық келісім-шарт дайындап қойды. Левандовски «Барселонаға» мүмкіндігінше тезірек ауысуды ойлап жүр.

Левандовски бүгін, 12 шілдеде демалысы аяқталғандықтан «Баварияға» оралып, жаттығуларын жалғастыруы тиіс. Оның мюнхендік клубпен келісім-шарты 2023 жылы аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×