Маттейс де Лигт мансабын Германияда жалғастырмақ

12.07.2022, 19:51
Туриндік клуб қорғаушыны 80 миллион еуроға бағалады.
Маттейс де Лигт мансабын Германияда жалғастырмақ

Мюнхендік «Бавария» Нидерланды құрамасының қорғаушысы Маттейс де Лигтті сатып алу үшін Ювентуспен келіссөздер жүргізуде.

Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, мюнхендік клуб ойыншымен жеке келісім-шарт талаптарын келісіп қойған. Бірақ туриндік клуб «Баварияның» ұсынған 60 миллион еуросын қабылдамады.

«Ювентус» өз ойыншысы үшін шамамен 80 миллион еуро алғысы келеді. «Баварияның» спорттық директоры Хасан Салихамиджич дәл қазір Туринде ортақ мәмілеге келу үшін «Ювентуспен» келіссөздер жүргізуде.

Айта кетейік, голландиялық қорғаушыға «Челси» де қызығушылық танытуда. Бірақ лондондық клуб қазір Натан Акенің трансфері бойынша жұмыс жасауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×