«Барселона» «Манчестер Сити» шабуылшысына көз тікті

27.11.2021, 18:17
Испаниялық футболшының өзі де каталондық клубқа ауысқысы келеді.
«Барселона» «Манчестер Сити» шабуылшысына көз тікті

«Барселонаның» бас бапкері Хави қысқы трансфер терезесінде «Манчестер Ситидің» шабуылшысы Ферран Торресті сатып алғысы келеді. 21 жастағы испаниялық футболшы да бұл трансферге қызығушылық танытып отыр және «Манчестер Ситидің» басшылығынан өзін каталондық клубқа жіберуді сұрады, деп хабарлайды Mundo Deportivo.

Осы маусымда Торрес барлық турнирлерде 7 матч өткізіп, 3 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.

Оның «қалалықтармен» келісім шарты 2025 жылға дейін есептелген. Transfermarkt порталы ойыншының құнын 50 миллион еуроға бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×