«Барселона» «Манчестер Ситидің» қорғаушысын қатарға қосты

01.06.2021, 19:00
Гарсия каталондық клубқа еркін агент ретінде қосылды.
«Барселона» «Манчестер Ситидің» қорғаушысын қатарға қосты

«Манчестер Ситидің» қорғаушысы Эрик Гарсия мансабын «Барселонада» жалғастырады деп хабарлайды каталондық клубтың ресми сайты.

20 жастағы ойыншы «Барселонамен» 2025/2026 жылғы маусымның соңына дейін келісім-шартқа отырды. Оның жаңа келісім-шартындағы өтемақы мөлшері 400 миллион еуро деп көрсетілген. Гарсияны «Барселонаның» жаңа ойыншысы ретінде таныстыру рәсімі бүгін, 1 маусымда өтеді.

Эрик Гарсия - «Барселона» академиясының түлегі. 2017 жылдың шілдесінде ол «Манчестер Ситиге» ауысты. Transfermarkt порталы 20 жастағы Испания ұлттық құрамасының ойыншысын 20 миллион еуроға бағалайды.

Бұған дейін БАҚ Гарсияның «Барселонаға» еркін агент ретінде қосылатындығын, өйткені оның «Манчестер Ситимен» келісімі 2021 жылдың 30 маусымына дейін есептелгенін хабарлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×