Италия чемпионатының осы маусымдағы үздік ойыншылары белгілі болды

01.06.2021, 17:58
Аталған ойыншылардың барлығы осы маусымда керемет нәтижелерімен көзге түсті.
Италия чемпионатының осы маусымдағы үздік ойыншылары белгілі болды

"Интердің" 28 жастағы бельгиялық шабуылшысы Ромелу Лукаку 2020/2021 жылғы маусымдағы Италия чемпионатының үздік ойыншысы атанды. Бұл туралы А сериясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы маусымда Лукаку Италия чемпионатының 36 кездесуіне қатысып, 24 гол мен 10 нәтижелі пастың авторы атанды.

Ал Италия чемпионатында 37 матчқа қатысып, 38 гол жіберіп алған және 14 кездесуде қақпасына гол өткізбен Джанлуиджи Доннарумма ("Милан") үздік қақпашы болып танылды. Үздік қорғаушы - Кристиан Ромеро ("Аталанта"). Аргентиналық футболшы А сериясында 31 ойын өткізіп, екі гол соқты, үш нәтижелі пас берді.

"Интердің" тағы бір ойыншысы Николо Барелла чемпионаттың үздік жартылай қорғаушысы атанды. Италия құрамасының футболшысы 36 кездесуде үш гол соғып, тоғыз голдық пас берді. Үздік шабуылшы атағы Криштиану Роналдуға ("Ювентус») бұйырды, ол 33 матчта 29 гол соғып, екі нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×