«Барселона» Мемфис Депайдың трансфері туралы келісіп қойды

16.10.2020, 23:20
Депайдың «Лионмен» келісімшарты келесі жылы аяқталады.
«Барселона» Мемфис Депайдың трансфері туралы келісіп қойды

"Лион" және Нидерланды құрамасының шабуылшысы Мемфис Депай "Барселонаға" ауысуы мүмкін.

Sport.es хабарлағандай, каталондық клуб франциялық командамен 26 жастағы футболшыны қысқы трансферлік терезеде сатып алу туралы келісімге келген. Сонымен бірге, келесі жазда келісімшарты аяқталатын ойыншы үшін "Барселонаның" қанша төлейтіні айтылмады.

Соңғы трансферлік терезеде "Барселона" Депаймен келісімшарт талаптарын келісіп қойған еді, бірақ трансфер орын алмады. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиғаның бұлай өрбуі "Манчестер Юнайтедтің" Усман Дембелені алмағанына байланысты болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×