«Рубиннің» экс-бапкері Тихоновтың ассистенті болып тағайындалды

16.10.2020, 23:54
Соңғы екі клубта Тихоновпен бірге жұмыс істеген екен.
«Рубиннің» экс-бапкері Тихоновтың ассистенті болып тағайындалды

Андрей Тихоновтың жаттықтырушылар штабына ресейлік маман Владимир Ежуров енді.

Владимир Раимович ұзақ уақыт бойы «Рубин» құрылымында жұмыс істеп, жастар командасы жаттықтырушысынан бастап, негізгі командада бапкердің ассистенті қызметіне дейін көтерілді.

60 жастағы маман "Рубин" клубынан бөлек, Тәжікстан құрамасында, өзбекстандық «Семург» және «Металлург», белорусиялық «Белшина», ресейлік «Балтика», «Енисей» және «Крылья Советов» клубтарында еңбек етті. Соңғы екі клубта Ежуров Тихоновпен бірге жұмыс істеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×