«QAZSPORT» қазақстандық футболшылардың қатысуымен өтетін РПЛ матчтарын көрсетеді

16.10.2020, 20:19
Алғашқы матчты ертең көрсетеді.
«QAZSPORT» қазақстандық футболшылардың қатысуымен өтетін РПЛ матчтарын көрсетеді

17 қазаннан бастап QAZSPORT телеарнасының тікелей эфирінде қазақстандық футболшылар ойнайтын клубтардың қатысуымен өтетін Ресей премьер-лигасының матчтары көрсетіледі.

Еске салайық, Ресей чемпионатында төрт қазақстандық футболшы өнер көрсетеді: Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА), Исламбек Қуат ("Химки"), Акмаль Бахтияров ("Сочи") және Марат Быстров ("Ахмат").

Ертең, Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де QAZSPORT телеарнасы РПЛ-дің 11-тур ойындарын көрсетеді, онда Исламбек Қуат өнер көрсететін "Химки" клубы Мәскеулік "Спартак" командасымен ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×