Пабло Сабалета мансабын аяқтады

17.10.2020, 01:43
Қорғаушы 9 жыл бойы «Манчестер Ситиде» ойнады.
Пабло Сабалета мансабын аяқтады

35 жастағы аргентиналық футболшы Пабло Сабалета мансабын аяқтағанын мәлімдеді.

"Құрметті жанкүйерлер. Мансабымдағы 18 жылдан кейін мен футболмен қош айтысу туралы шешім қабылдадым. Осы керемет жылдар маған ерекше және ұмытылмас сәттерден ләззат алуға мүмкіндік берді. Менімен бірге болған барлық адамдарға алғыс айтамын: клубтарға, командаластарыма, жаттықтырушыларға және, әрине, менің отбасыма және барлық достарыма. Мен түрлі эмоцияларды бастан кешірудемін. Шын жүректен, барлығына мың алғыс", - деп жазды Сабалета өзінің Twitter парақшасында.

Сабалета - "Сан-Лоренцоның" түлегі. 2005 жылы ол "Эспаньолға" ауысып, үш жыл Испанияда доп тепті. 2008 жылы Сабалета "Манчестер Ситиге" қосылып, клубтың намысын 2017 жылға дейін қорғады. 2017 жылдан 2020 жылға дейін "Вест Хэм Юнайтедте" ойнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×