ПСЖ Килиан Мбаппеге бес жылдық келісімшарт ұсынды

16.10.2020 20:51 Лига 1

Мбаппе келісімшартын аяқтап кететін секілді. Екі жыл қалды.

ПСЖ Килиан Мбаппеге бес жылдық келісімшарт ұсынды

"Пари Сен-Жермен" өзінің ең қымбат футболшыларының бірін сақтап қалуды жоспарлап отыр және шабуылшы Килиан Мбаппеге бес жылдық жаңа келісімшарт ұсынды, деп хабарлайды AS.

Дереккөздің хабарлауынша, Париждік клуб Мбаппеге жылына 30 миллион еуро жалақы ұсынған, бірақ шабуылшы ПСЖ-да қалуды жоспарламайды. Килиан "Реал Мадридке" ауысқысы келеді.

"Барселона" да келіссөздерге араласуға тырысты, бірақ шабуылшымен болған әңгімеден кейін ойыншының Корольдік клуб сапында ойнауды жоспарлап отырғаны белгілі болды.

Мбаппенің клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазында аяқталады. Мбаппе "Пари Сен-Жерменге" 2017 жылдың жазында "Монако" клубынан жалға ауысып келген еді. Бір жылдан кейін париждік клуб ойыншыны сатып алды. Трансфер сомасы 145 миллион еуроны құрады. Өткен маусымда 21 жастағы шабуылшы Франция чемпионатының 20 матчына қатысты (негізгі құрамда 17), 18 гол мен бес нәтижелі пастың авторы атанды.

4 пікір

  1. Ғалымжан

    Ғалымжан

    17.10.2020 19:43

    Кемесін наху

  2. Ғалымжан

    Ғалымжан

    17.10.2020 19:43

    Келмеит наху оинаи алмаита

  3. nurbol

    nurbol

    16.10.2020 23:29

    келсін аумин

  4. nurbol

    nurbol

    16.10.2020 23:28

    Реалга келет қыста бұйырса