«Астана» Тихоновты тағайындамас бұрын, Құрбан Бердыевпен келіссөздер жүргізіпті

17.10.2020, 02:00
Бердыев еурокубоктердің топтық кезеңінде ойнайтын команданы баптағысы келеді.
«Астана» Тихоновты тағайындамас бұрын, Құрбан Бердыевпен келіссөздер жүргізіпті

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Андрей Тихоновты бас бапкер етіп тағайындағанға дейін, "Астана" "Рубиннің" экс-тәлімгері Құрбан Бердыевпен келіссөздер жүргізген екен.

Бердыевпен келіссөздерді "Астананың" бас директоры Михаил Гурман жүргізген, ол Бердыев сияқты бір кездері "Қайратта" ойнаған.

Алайда, Бердыев Мәскеудің "Динамосынан" ұсыныс түседі деп үміттенген. Сонымен қатар, Бердыевтің еурокубок үшін таласатын команданы жаттықтыратын ойы бар, ал Қазақстанның УЕФА-дағы рейтингі төмен екенін ескерсек, отандық клубтар еурокубоктың топтық кезеңіне шығу үшін іріктеу кезеңдерінен өтуі керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×