«Манчестер Юнайтед» Поль Погбамен келісімшартты ұзартты

17.10.2020, 11:42
Тағы екі маусым «Манчестер Юнайтедте» өнер көрсетеді.
«Манчестер Юнайтед» Поль Погбамен келісімшартты ұзартты

"Манчестер Юнайтед" жартылай қорғаушы Поль Погбаның келісімшартын бір жылға ұзарту опциясын іске қосты, деп хабарлады Sky Sports.

Француз футболшысының "манкуньяндықтармен" келісімі 2021 жылдың жазына дейін есептелген. Мадридтік клуб өткен жазғы трансферлік терезеде Погбаны сатып алу идеясынан бас тартқаны белгілі болды. "Реал Мадрид" пен Зидан жас жартылай қорғаушы Федерико Вальвердеге сенім артқандығы туралы хабарланды.

Погба 2016 жылы "Ювентустан" ауысып келген болатын. Өткен маусымда француз жартылай қорғаушысы Англия Премьер-лигасының 16 ойынына қатысып, 1 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. 2020/2021 маусымда ол Англия чемпионатының 3 матчына қатысты, бірақ ешқандай тиімді әрекетпен көзге түсе алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×