«Тоттенхэм» Уэльстік ойыншыны қатарға қосты. Бэйл оның кетуін өтінді

17.10.2020, 12:17
Жаңа командада 14-ші нөмірмен ойнайды.
«Тоттенхэм» Уэльстік ойыншыны қатарға қосты. Бэйл оның кетуін өтінді

"Тоттенхэм" өзінің ресми сайтында "Суонси Сити" мен Уэльстің қорғаушысы Джо Родонның ауысқанын жариялады.

22 жастағы Уэльстік футболшының "Тоттенхэммен" 2025 жылға дейін келісімі бар. Родон клуб сапында 14-ші нөмірмен ойнайды.

Ресми хабарландыру алдында "Тоттенхэм" Уэльстік футболшысының келетіндігін клуб шабуылшысы Гарет Бэйл бейнеленген видеомен жариялады. Бейнежазбада Родон базаға көлікпен келеді, ал оны күтіп отырған Бэйл: "Оны қайтарып жібер", - деді. Естеріңізге сала кетейік, Бэйл де Уэльс құрамасында ойнайды.

Родон "Суонси Ситидің" негізгі командасында 2016 жылдан бері ойнады. Осы маусымда қорғаушы Чемпионшиптің 4 матчына қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×