Маттиа Перин: «Коронавирустың зертханада жасалғанына сенімдімін»

17.10.2020, 15:20
Италиялық қақпащының өзі де вирус жұқтырған болатын.
Маттиа Перин: «Коронавирустың зертханада жасалғанына сенімдімін»

"Дженоа" мен Италия құрамасының қақпашысы Маттиа Перин коронавирус туралы өз пікірімен бөлісті.

«Мен коронавирустың зертханада жасалғанына және жануарлардан берілмейтініне сенімдімін. Алайда, вирустың бар екендігін және оның қауіптілігін жоққа шығаратын адамдар ештеңені түсінбейді.

Қорқыныш? Біз спортшылар бәріміз ипохондрикпіз. Біздің денеміз - бұл жұмыс құралы және біз оның әрқашан мінсіз жағдайда болғанын қалаймыз. Бірақ егер жарақат туралы айтатын болсақ, онда бұл коронавируспен салыстырғанда жеңілірек. Бұл вирус бұрын-соңды кездестірмеген жау сияқты», - деді Перин Goal.com сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, Периннің өзі коронавирустық инфекцияны жұқтырған болатын. Инфекция 27 жастағы ойыншыдан қыркүйек айында анықталды, ал бірнеше күннен кейін оның емделгені туралы хабарланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×