"Барселона" мен "Атлетико Мадрид" Сауль Ньигес пен Антуан Гризманнды алмастыру бойынша келіссөздер жүргізуде. Бұл жайлы италиялық журналист әрі инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.
Дереккөздің хабарлауынша, екі ойыншы да осы жазда командасын ауыстыруға келісімін берген. Қос клуб қазір Гризманн мен Саульдің трансферлік құнына байланысты келіссөздер жүргізуде. Каталондық клуб француз футболшысын қымбатқа бағалап, "Атлетико Мадридтен" қаржы талап етуді көздеп отыр.
"Ливерпуль" мен "Челси" клубтары осы жағдайды қадағалап отыр. Егер испаниялық клубтар мәмілеге келе алмаса, Англияның қос клубы Сауль үшін талас жүргізетін болады.
Біздің серіктес: FONBET