«Шахтер» «Ақжайықтың» тағы бір ойыншысына көз тікті

15.07.2021, 04:09
Қарағандылық клуб бұған дейін дәл осындай сценариймен Павел Назаренконы қатарға қосқан еді.
«Шахтер» «Ақжайықтың» тағы бір ойыншысына көз тікті

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Шахтер" "Ақжайықтың" тағы бір көшбасшысына қызығушылық танытуда.

Бұл - команданың ең үздік сұрмергені Николай Ковталюк. Украиналық шабуылшы осы маусымда оралдық клуб сапында 6 гол соқты, бірақ жағдайы жақсы клубқа ауысқысы келеді. Бұрын осы сценарий бойынша белоруссиялық қорғаушы Павел Назаренко "Шахтер" ойыншысы атанған еді.

"Кеншілер" Ковталюкті жарақат алып, күзге дейін алаңға шыға алмайтын болгариялық шабуылшы Мартин Тошевтің орнына алғысы келеді. Магомед Адиевтің уысында орталық шабуылшылардан тек қана Оралхан Өміртаев қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×