«Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды

15.07.2021, 03:00
Алматылық клубты келесі кезеңде сербиялық «Црвена Звезда» командасы күтіп тұр.
«Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды

"Қайрат" Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясында "Маккаби Хайфаға" қарсы жауапты матч өткізді. Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

Ойынның небәрі 10-минутында Артур Шушеначев допты кеудесімен Вагнер Лавқа тоқтатып берді. Ал бразилиялық шабуылшы қақпаны дәл көздеді. 66-минутта Айбол Әбікен қарсыластардың қателігін сәтті пайдаланып, есепті еселеді. Айта кетейік, Израильде өткен алғашқы кездесу 1:1 есебімен аяқталған еді.

Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өту арқылы «Қайрат» еурокубокте тағы кем дегенде 6 матч өткізетін болады:

- Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде ұтылған команда Еуропа лигасының үшінші айналымына өтеді

- Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде жолы болмаған команда Конференция Лигасының төртінші (соңғы) айналымында бақ сынайды.

Алматылық клубты келесі кезеңде сербиялық "Црвена Звезда" командасы күтіп тұр. Алғашқы матч Алматыда 20 шілде күні өтеді. Жауапты матч 27 шілдеге жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×