Дэвид Мавутор «Шахтер» ойыншысы атанды

14.07.2021, 23:55
Қорғаушыға «Динамо Тбилиси» клубы да қызығушылық танытқан еді.
Дэвид Мавутор «Шахтер» ойыншысы атанды

«Шахтер» футбол клубы гана әрі тәжікстандық тіреуші жартылай қорғаушы Дэвид Мавутормен келісім-шартқа отырды.  

Мавутор қазақстандық футбол жанкүйерлеріне «Жетісудағы» ойынымен танымал. 29 жасар ойыншы соңғы үш маусымын талдықорғандық командада өткізген, ал қыста польшалық «Вислаға» ауысты. Бірақ Георгий Жуков өнер көрсететін командала негізгі құрамға іліге алмады.

Сонымен қатар Дэвид ганалық «Зайворд», тәжіктің «Равшан» және «Истиклол» клубтарында доп тепкен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×