«Барселона» мен «Реал Мадрид» «жаңа Уэйн Руниге» қызығушылық танытуда

25.04.2021, 04:05
Шабуылшы қазір «Лидс Юнайтед» сапында доп теуіп жүр
«Барселона» мен «Реал Мадрид» «жаңа Уэйн Руниге» қызығушылық танытуда

Тұманды Альбионда "жаңа Уэйн Руни" атанған "Лидс Юнайтедтің" шабуылшысы Джо Джелхардт мансабын Испания чемпионатында жалғастыруы мүмкін.

18 жастағы шабуылшының қызметіне мадридтік "Реал" мен каталондық "Барселона" қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Don Balon. Джелхардт "Лидстің" негізгі командасына енгенімен, әлі бірде-бір матч өткізген жоқ. Джо мамыр айында 19-ға толады. Transfermarkt порталы шабуылшының құнын 1,3 миллион еуроға бағалап отыр.

Джелхардт - "Уиган" клубының түлегі. 2019-2020 жылғы маусымда "Уиганның" негізгі командасында бір маусым өткізді. Ал осы маусымның басында "Лидс Юнайтед" сапына қосылды. Сондай-ақ футболшы Англия U18 құрамасына тұрақты түрде шақырту алып жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×