"Барселона" мінез көрсетті

30.09.2015, 08:36
"Барселона" мінез көрсетті
"Блауграна" бар болғаны екі минуттың ішінде жеңісті жұлып алды. Топтық кезеңнің екінші тур аясында "Камп Ноуға" "Байер" қонақтаған еді. Алғашқы бөлікте немістер "Барсаға" қарсы қалай ойнау керектігін көрсетіп, үзіліске есептегі басымдылықпен кеткенімен, католондықтар ойын аяқталарға он минут қалғанда ойын барысын да, таблодағы есепті де түбегейлі өзгертті. Луис Энрикенің тыңнан қосқан футболшылары командаға жеңіс сыйлады десек те болады. Әуелі Ракитичті алмастырған Серхи Роберто есепті теңестірсе, екі минут өткен соң Сандроның орнына алаңға шыққан Мунирдің пасынан кейін Суарес тоғыздықты жойқын соққысымен дәл көздеп, "Камп Ноуға" жиналған жанкүйерлерді қуантты. Белоррусия астанасы Минскте сенсация орын алды. "БАТЭ"-ге қонаққа барған "Ромаға" қиындық тумас деп болжалған. Дегенмен, белорусстар Италиядан келген қонақтардан 3:2 есебімен басым түсті. "БАТЭ" мен "Барселона" екі ойында 4 ұпайдан алып, бірінші орынды бөлісіп тұр. Ал, "Байер" үшінші, "Рома" соңғы орында. Чемпиондар Лигасы. "E" тобы. 2-ші тур.  "Барселона" 2-1 "Байер" Голдар: Роберто, 80', Суарес, 82' - Пападопулос, 22' "БАТЭ" 3-2 "Рома" Голдар: Стасевич, 8', Младенович, 12', 30' - Жервиньо, 66', Торосидис, 82'
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×