«Барселона» осы маусымда бірде-бір ойынға қатыспаған шабуылшымен келісім-шартты ұзартқысы келеді

26.09.2021, 20:42
Футболшы осы маусымның соңында еркін агент атанады.
«Барселона» осы маусымда бірде-бір ойынға қатыспаған шабуылшымен келісім-шартты ұзартқысы келеді

"Барселона" маусым соңында еркін агентке атанатын шабуылшы Усман Дембелемен жаңа келісім-шартқа отыруға мүдделі. Клуб басшылығы футболшының агенті Муса Сиссохомен келіссөздер дүргізуде.

"Барселона" Дембеле үшін екі түрлі келісім-шарт дайындады, бірақ екеуінде де жалақы мөлшері айтарлықтай азайған, деп хабарлайды Sport.es.

Дембеле каталондық клубта 2017 жылдан бері ойнайды. Буын жарақатына байланысты Усман осы маусымда әлі ойнаған жоқ және алаңға 20 қазанда оралады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×