Паоло Мальдинидің ұлы «Милан» сапындағы дебюттік голын соқты

26.09.2021, 16:49
Мальдинидің командасы үш ұпайға қол жеткізіп, А сериясында көш бастады.
Паоло Мальдинидің ұлы «Милан» сапындағы дебюттік голын соқты

"Милан" Италия чемпионатының 6-турында "Специяны" 2:1 есебімен жеңді. Голдардың бірін "Милан" сапында алғаш рет негізгі құрамда шыққан 19 жастағы жартылай қорғаушы Даниэль Мальдини соқты.

Мальдинидің командасы матчтың соңғы минуттарында жеңісті жұлып әкетті. 87-минутта Браим Диас ойындағы шешуші голды соқты. Ал "Специя" сапында Даниэле Верде көзге түсті.


Мальдини осы маусымда екі рет А сериясында және бір мәрте Чемпиондар лигасының ойынында қосалқы құрамнан алаңға шыққан еді. Даниэль - "Миланның" әйгілі ойыншылары Паолоның ұлы және Чезаре Мальдинидің немересі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×