Белоруссиялық клубта ойнайтын қазақстандық футболшы гол соқты

26.09.2021, 15:39
Оның командасы 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Белоруссиялық клубта ойнайтын қазақстандық футболшы гол соқты

«Белшина» клубы Беларусь Бірінші лигасының 24-турында «Нафтанды» 4:0 есебімен ұтты.

Қазақстандық футболшы Ислам Чесноков алаңға 68-минутта үшінші голдың авторы Илья Васильевтің орнына шықты. 77-минутта қорғаушы бұрыштамадан асырылған пасты қақпаға дәл бағыттап, ойынның нүктесін қойды.

24-турдан кейін «Белшина» Беларусь Бірінші лигасында екінші орынға табан тіреді.

Чесноков белоруссиялық клубқа осы жылдың сәуір айында қосылған еді. Содан бері 20 матч өткізіп, 3 мәрте мергендігімен көзге түсті.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×