Хавьер Маскерано "Барселонаға" 2010 жылы "Ливерпульден" ауысып келді. Алғашқы ойынын сол жылдың қыркүйек айында өткізген.
Аргентиналық қорғаушы каталондық клубтағы алғашқы голын өзінің команда сапындағы 319-ойынында соқты. Түнде "Осасунаға" қарсы өткен ойында футболшы пенальтиді сәтті орындады.
- Басында пенальтиді тебуден бас тартқым келді. Алайда жанкүйерлер мен командаластарымның қолдауы мені қанаттандырды. Бірақ өзіме аса сенімді болмадым, - деді Маскерано клубтың ресми сайтына берген сұхбатында.
Айта кетейік, түнде өткен ойында "Барселона" "Осасунаны" 7:1 есебімен ойсырата жеңді. Ал мадридтік "Реал" сырт алаңда "Депортиводан" 6:2 есебімен басым түсті.
Біздің серіктес: FONBET