Қазіргі уақытта қорғаушы софиялық "Левски" клубында өнер көрсетеді. Болгариялық клуб онымен келісімшартты ұзартуға ниетті. Бірақ жалақасын екі есе азайтып. Лукин қазіргі командасында айына 20 мың еуро алып, командадағы ең көп жалақы алатын футболшылардың қатарында.
Қорғаушының "Левскимен" келісімшарты осы жылдың маусым айында аяқталады. Сондықтан да футболшыда қаңтар айынан бастап басқа клубтармен келіссөз жүргізуге құқығы болды. Бұл мүмкіндікті оның агенттері пайдаланып, бірнеше клуб қызығушылық білдірген. Оның ішінде Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін павлодарлық "Ертіс" те бар. Бұл ойыншыны "Ертістің" бас бапкері Димитар Димитровтың өзі шақыртып жатыр екен. Алайда ұжым жылына 200 мың еуро деп сұрап отырған қорғаушының ұсынысымен келіспей отыр. 31 жастағы Лукин "Левски" сапында 2016 жылдан бастап қнер көрсетіп келеді. Бұл клубтың сапында ол Болгария біріншілігінде 22 кездесуге қатысқан. Ал бұған дейін ол "Ботев", "Динамо", "Стяуа" және Тимишора" секілді клубтарда ойнаған. 2011 жылдың тамызында ол Румыния ұлттық құрамасын сапында алғашқы кездесуін өткізген. Сол уақыттан бері құрамасының сапында 11 ойын өткізіп, 1 гол соғыпты.Біздің серіктес: FONBET