Соңғы секундтардағы жастардың жігерлі жеңісі(ВИДЕО)

28.04.2017, 20:06
Соңғы секундтардағы жастардың жігерлі жеңісі(ВИДЕО)
Қазақстанның футболдан жастар құрамасы (16 жас) Черногорияда өтіп жатқан "Даму Кубогы-2017" жарысында алғашқы жеңісіне жетті. Испаниялық бапкер Карлош Ферер жаттықтыратын жасөспірімдеріміз Босния және Герцоговина құрамасымен тартысты ойында басымдық көрсетті - 2:1. Бұл жас категориясында ойын 40 минуттан екі таймға созылатынын айта кету керек. Ойынның 40-шы минутында Ұлықбек Хаитмуратов қарсыластар қақпасына алғашқы допты соғып, команданы алға шығарады. 51-ші минутта босниялықтар есепті теңестірді. Нағыз тартыс қосымша уақытта басталды. 83-ші минутта Қазақстан құрамасы қақпасына соғылған допты қақпашы Евгений Ситдиков ұстап үлгереді де, өз командасының шабуылын бастайды. Бұл шабуыл Вячеслав Швыревтің гол салуымен сәтті аяқталады. Қазақстан құрамасы үшін бұл "Даму Кубогындағы" алғашқы жеңісі. Бірінші матчта жасөспірімдеріміз Черногория құрамасына есе жіберіп қойған еді - 0:2. Қазір уақытта Черногория құрамасы екі ойыннан алты ұпай жинап, топ жарып тұр. Ары қарай Қазақстан мен Бония және Герцоговина құрамалары (үш ұпайдан), соңғы орында ұпай жимаған Әзірбайжан құрамасы тұр. Турнирдің шешуші матчтарында Қазақстан Әзірбайжанмен, ал Черногория құрамасы Босния және Герцоговина командасымен кездесу өткізеді. Екі ойын да бүгін, 28 сәуірде болады, басталуы Астана уақытымен 15:00-де.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×