"Барселона" қорғаушысы 7 жылдан кейін бірінші рет гол соқты

27.04.2017, 17:40
"Барселона" қорғаушысы 7 жылдан кейін бірінші рет гол соқты
"Барселона" футбол клубының қорғаушысы Хавьер Маскерано 7 жылдан кейін бірінші рет гол соқты. Ол осыған дейін қарсылас қақпасына емес, өз қақпасына бірнеше рет гол соққан еді.

Хавьер Маскерано "Барселонаға" 2010 жылы "Ливерпульден" ауысып келді. Алғашқы ойынын сол жылдың қыркүйек айында өткізген.

Аргентиналық қорғаушы каталондық клубтағы алғашқы голын өзінің команда сапындағы 319-ойынында соқты. Түнде "Осасунаға" қарсы өткен ойында футболшы пенальтиді сәтті орындады.

- Басында пенальтиді тебуден бас тартқым келді. Алайда жанкүйерлер мен командаластарымның қолдауы мені қанаттандырды. Бірақ өзіме аса сенімді болмадым, - деді Маскерано клубтың ресми сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, түнде өткен ойында "Барселона" "Осасунаны" 7:1 есебімен ойсырата жеңді. Ал мадридтік "Реал" сырт алаңда "Депортиводан" 6:2 есебімен басым түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×