«Реймстің» бас бапкері Оскар Гарсия жақын арада командасын ауыстыруы мүмкін. Оған «Барселона» клубы қызығушылық танытуда. Лапорта 48 жастағы испаниялық бапкерді 58 жастағы голландиялық маман Рональд Куманның орнын басады деп санап отыр. Бұл туралы RMC Sport порталы хабарлады.
Куман жұмыстан шығарылған жағдайда команданы Гарсия тізгіндеуі мүмкін. Оскар 1993 жылы «Барселона» сапында дебют жасап, 1999 жылға осы команданың намысын қорғаған. Дәл қазіргі сәтте Гарсия жаттықтыратын «Реймс» Фпанция чемпионатының турнирлік кестесінде 15-ші орынға жайғасқан.
2010-2012 жылдары испаниялық маман 19 жасқа дейінгі «Барселона» командасының бас жаттықтырушысы болды.
Біздің серіктес: FONBET