БАТЭ футболшысы «Шахтер» алдындағы қарызынан құтылды

25.09.2021, 16:11
Футболшыны дисквалификациялау туралы шешім өз күшін жойды.
БАТЭ футболшысы «Шахтер» алдындағы қарызынан құтылды

БАТЭ клубының жартылай қорғаушысы Павел Карасев қарағандылық "Шахтер" алдындағы берешегінен құтылды, деп хабарлайды беларусь клубының ресми сайты.

Өткен жазда, "Тамбов" ойыншысы болған Павел Карасев қарағандылық клубқа ауысуы керек еді және келісім-шартқа қол қойған, бірақ ол қазақстандық клуб орналасқан жерге келген жоқ, "Тамбовта" қалып, кейін БАТЭ-ге ауысты.

"Шахтер" өтемақы төлеуді талап етіп сотқа жүгінді және істі өз пайдасына шешті. Карасев апелляциялық шағым түсірді, бірақ жағдай одан бете ушығып, ФИФА ойыншыны алты айға дисквалификациялады. Бұған дейін хабарланғандай, өтемақы 30 мың еуроны құрады.

Қарызды өтеуіне байланысты ойыншының дисквалификациясы автоматты түрде жойылды, бұл туралы барлық мүдделі тараптарға хабарланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×