«Барселона» Рональд Куманды алмастыратын бапкер тапты

25.09.2021 13:51 Ла Лига

Қазіргі сәтте бұл маманның командасы өз лигасында 15-ші орында тұр.

«Барселона» Рональд Куманды алмастыратын бапкер тапты

«Реймстің» бас бапкері Оскар Гарсия жақын арада командасын ауыстыруы мүмкін. Оған «Барселона» клубы қызығушылық танытуда. Лапорта 48 жастағы испаниялық бапкерді 58 жастағы голландиялық маман Рональд Куманның орнын басады деп санап отыр. Бұл туралы RMC Sport порталы хабарлады.

Куман жұмыстан шығарылған жағдайда команданы Гарсия тізгіндеуі мүмкін. Оскар 1993 жылы «Барселона» сапында дебют жасап, 1999 жылға осы команданың намысын қорғаған. Дәл қазіргі сәтте Гарсия жаттықтыратын «Реймс» Фпанция чемпионатының турнирлік кестесінде 15-ші орынға жайғасқан.

2010-2012 жылдары испаниялық маман 19 жасқа дейінгі «Барселона» командасының бас жаттықтырушысы болды.

4 пікір

  1. Адил

    Адил

    25.09.2021 19:15

    Контены шакырмайма

  2. Era

    Era

    25.09.2021 17:25

    Лапорта қуад

  3. Бектурсын

    Бектурсын

    25.09.2021 14:01

    Шли, Фпанция емес шығар)

  4. Бектурсын

    Бектурсын

    25.09.2021 14:01

    Шли, Фпанция емес шығар...