«Барселона» Рональд Куманмен қош айтысуы мүмкін

11.05.2021, 22:08
«Барселона» Испания чемпионы атанса да, Куман орнын босатады.
«Барселона» Рональд Куманмен қош айтысуы мүмкін

"Барселонаның" бас бапкері Рональд Куман ағымдағы маусымның соңында қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды ESPN.

Дереккөздің айтуынша, клуб басшылығы Куманның ойын стилі клубтың ұзақ мерзімді мақсаттарына сәйкес келмейді және "Барселона" Испания чемпионатында жеңіске жетсе де орнын босатуы керек деп санайды. Маусымның аяқталуына үш тур қалғанда Ла Лиганың төрт клубы чемпиондыққа таласуда - "Атлетико" (77), "Реал Мадрид" (75), "Барселона" (75) және "Севилья" (71).

Бұған дейін каталондық клуб Испания Кубогінің финалында "Атлетикті" 4:0 есебімен жеңіп, осы маусымдағы алғашқы трофейіне қол жеткізген еді.

Еске салайық, Рональд Куман "Барселонаны" 2020 жылдың тамызында қабылдады. Маманның клубпен келісім-шарты 2022 жылға дейін есептелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×