«Жетісу» ойыншылары арасында қақтығыс орын алды

11.05.2021, 21:42
Осы жанжалдың салдарынан екі футболшы клубтан кетуі мүмкін.
«Жетісу» ойыншылары арасында қақтығыс орын алды

Талдықорғандық "Жетісу" "Ақтөбеден" ірі есеппен жеңілгеннен кейін (1:5) ойыншылар арасында қақтығыс болып, нәтижесінде бір ойыншы ауруханаға түсті. Бұл туралы "Тень отца Гурмана" телеграм-арнасы хабарлайды.

"Мен бұл оқиғаның мән-жайын білдім. Талдықорғандық клубтың екі тәжірибелі футболшысы - Бауыржан Тұрысбек пен Александр Кислицын өздерінен кіші командаластарын алаңда барын салып ойнамағаны үшін кінәлаған. Жастардың атынан Аслан Жанұзақов оларға қарсы шыққан. Жанжалдың салдарынан жас футболшы ауруханаға түскен. Енді Тұрысбек те, Кислицын да "Жетісудан" қуылатын шығар, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, "Жетісу" он турдан кейін бір ұпай жинап, турнирлік кестеде ең соңғы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×