«Барселона» соңғы 20 жылда болмаған антирекорд орнатты

09.12.2021, 15:38
Хави шәкірттері Еуропа лигасында өнер көрсетпек.
«Барселона» соңғы 20 жылда болмаған антирекорд орнатты

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы ойында «Бавария» өз алаңында «Барселонаны» қабылдады. Кездесу Мюнхендегі (Германия) «Альянц-Арена» стадионында өтіп, 3:0 есебімен алаң иелері юеңіске жетті.

Каталондық клуб соңғы 20 жылда алғаш рет Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өте алмады. Соңғы рет олар 2000/2001 жылғы маусымда топтық кезеңнен әрі аса алмаған еді. Ол кезде «Барселона» «Милан», «Лидс» және «Бешикташпен» бір топта ойнап, үшінші орынға ие болды.

Мюнхендік «Бавария» биылғы маусымда 18 ұпай жинап, УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалына бірінші орынмен шықты. «Барселона» (7) топтық кезеңді үшінші орында аяқтады, каталониялық клуб УЕФА Еуропа лигасында бақ сынайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×