«Ред Булл Зальцбург» тарихи нәтижеге қол жеткізді

09.12.2021, 15:54
Австриялық клуб өз тобында екінші орынға ие болды.
«Ред Булл Зальцбург» тарихи нәтижеге қол жеткізді

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 6-турында «Ред Булл Зальцбург» «Севильямен» кездесті. Зальцбург қаласындағы «Ред Булл Арена» стадионында өткен матч 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Матчтағы жалғыз голды Карим Адеемидің пасынан кейін Ноа Окафор соқты.

Осылайша, «Зальцбург» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан тарихтағы алғашқы австриялық клуб атанды.

G тобында «Вольфсбургті» жеңген франциялық «Лилль» көш бастады (11 ұпай). Екінші орында он ұпай жинаған «Зальцбург» клубы тұр. «Севилья» (6 ұпай) үшінші орынға, ал «Вольфсбург» (5 ұпай) соңғы сатыға жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×