"Барселона" тас-талқан болды

15.08.2015, 18:27
"Барселона" тас-талқан болды
Негізгі құрамның кейбір ойыншыларына демалыс беремін деген Луис Энрикенің ойы өзіне де, командасына да жау болды. Үш күн бұрын Еуропа Суперкубогін алып, Испан Суперкубогінің алғашқы ойының демаламыз деген "Барселонаны" "Атлетик" оңбай жазалады. Жартылай негізгі құраммен алаңға шыққан католондықтар, 13-ші минутта-ақ гол жіберді.  Гол да ерекше жағдайда орын алды. Тер Штегеннің "пасынан" кейін Сан Хосе неміс қақпашысының 50 метрдей жерден допты дәл асыра салды. Бірінші тайм аяқталар тұста Мессиде айып соққысынан кейін есепті теңестірер мүмкіндік болған. Алайда, "Атлетик" қақпашысы аргентиналықтың  Грузиядағы ойының әбден зерттеген екен. Екінші тайм ардагер Адуристің таймы болды. 34 жасар шабуылшы 53-ші минутта баспен Тер Штеген қақпасының бұрышын дәл көздеп есепті еселейді. 10 минут өтер-өтпестен Сусаетаның пасын сәтті пайдаланып, таблодағы есепті 3:0-ге жеткізеді. Ал, 68-ші минутта Адурис пенальтиде Тер Штегеннен айла асырып хет-трикті атына жазады. "Блауграна" әбден есеңгіреп қалған уақытта жарытып ештеме ұйымдастыра алған жоқ. Энрике ағдайды түзеуге тырысып, Иньеста, Ракитичтерді алаңға шығарғанымен жағдай түзеле қоймады. Шайқасуға шыққан "Атлетик" футболшыларына "Барса" тарапынан қарсы айла табылмады. Үш күн бұрын Тбилисиде "Севильямен" 120 минут айқасқаны да өз әсерін берсе керек. Кім біледі. Қайткен күнде де бүгінгі масқараны жуып-шаю үшін Энрике жігіттері "Камп Ноу" алаңында қасық қаны қалғанша шайқасуы тиіс. Басқа жол жоқ. Ал, басктар бүгінгі білгендерінен жаңылмаса Суперкубок қолда тұр дей бер. Атлетик-Барселона 4:0(1:0) Голдар: Сан Хосе, 13(1:0). Адурис,53(2:0). Адурис, 62(3:0). Адурис, 68(4:0,пенальтиден)   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×