"Барселона" жазғы трансферлік терезеде қақпашы Марк-Андре тер Штегенді сатуы мүмкін, деп хабарлады TodoFichajes.
Дереккөздің хабарлауынша, каталондық клуб команданың қиын экономикалық жағдайына байланысты қақпашыны "Баварияға" сатуды ойластыруда. Мюнхендік клуб бұған дейін қақпашы алу мүмкіндігін қарастырған және жазғы трансферлік терезеде мәмілені аяқтауға тырысып көреді.
Тер Штеген "Барселонада" 2014 жылдан бері ойнайды. Бұған дейін ол "Боруссия Мёнхенгладбах" клубында доп тепкен. 2019/2020 маусымда Тер Штеген "Барселона" үшін барлық турнирлерде 46 матч өткізіп, 50 гол жіберді, 17 кездесуде қақпасын құрғақ ұстады. Футболшының қазіргі келісімі 2025 жылға дейін есептелген.
Біздің серіктес: FONBET