Барселона-Вильяреал! Матч алдыңдағы ой

12.02.2015, 00:58
Барселона-Вильяреал! Матч алдыңдағы ой
Астана уақыты бойынша сағат 01:00-де "Камп Ноуда" "Барселона" мен "Вильяреал" арасындағы кездесу өтетін болады. Бұл матч Король кубогіне таластағы жартылай финалдың алғашқы ойыны. Осыдан екі аптадай уақыт бұрын, екі команда чемпионатта дәл осы Католония астанасында кездесіп, тартысты өткен ойында алаң иелері 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді. "Вильяреал" тіпті, қонақта да "блаугранаға" қиындық туғыза аларын сол ойында дәлелдеген еді. Әсіресе, команданың шабуыл шебі, қарсылас қателігін кешірмейді. Жылдам, әрі нәтижелі шешім қабылдайтын футболшылар көп. Команданың үздік ойыншысына айналып үлгерген ресейлік Черышев, Виетто, Дос Сантос осылар үшеуі кез келген сәтте гол туғыза алады. Бұл команданың бүгінгі мақсаты, тең ойнап, тым болмаса минимальды жеңіліп, 3 аптадан кейін өтетін "Эль Мадригал" стадионында бар күшін көрсету. Әйтпесе, бүгін Католониядан жеңісті қайтады дегенге сену қиын. Барселона – Вильярреал – 3:2: видео-обзор матча Басты қарсыластары "Атлетико" мен "Реал Мадрид" жарыс жолын тоқтатқаннан кейін, "Барселона" бұл трофейді ойша клуб музейіне қойып қойған да шығар. 1\4 финалда "Атлетикомен" екі ойында да алаңға бүкіл мықтыларын шығарғанын ескерсек, Луис Энрикеге бұл жүлде әбден керек. Оның үстіне команда қарқыны мықты, 9 ойын қатарынан жеңіс. Месси, Суарес, Неймар үштігі бір-бірін сөзсіз ұғатындай дәрежеге жетті. Әрине, Суарестің жеке басының статистикасы қанағаттандырмас, дегенмен командалық ойынға сіңіскені көрініп тұр. Үш оңтүстікамерикалық сүрмергендер Иньеста, Ракитич, Хавилердің көмегінсіз-ақ ойын тағдырын шеше алады. Бұл жерде Мессидің дирижерлық шеберлігі жартылай қорғанысты көлеңкесінде қалдырды. Шабуыл шепте мін жоқ. Бірақ, қорғаныс ескі әдетіне басқан секілді. Бұған соңғы екі ойында да екі голдан өткізгені дәлел. Командалардың болжамды құрамдары: Барселона: тер Штеген-Алвес, Пике, Маскерано, Альба-Иньеста, Серхио Бускетс, Ракитич-Суарес, Месси, Неймар Вильяреал: Асенхо-Марио, Руис, Мусаккио, Коста-Пина, Бруно, Джонатан Дос Сантос, Черышев-Виетто, Джовани Дос Сантос   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×