
"Барселона" клубы жаңартылған "Камп Ноу" стадионының ашылу кезінде Лионель Мессидің еңбегін ресми түрде атап өтуді жоспарлап отыр.
2026 жылғы Жоан Гампер кубогы аясында жаңа стадион ашыла ма?
"2026 жылдың жазына қарай стадион дайын деп айта аламыз. Сырт көзге толық аяқталмаған болуы мүмкін, шатырын жабу секілді кейбір жұмыстары қалады. Бірақ қалғанының бәрі дайын болады."
Месси сол ашылу рәсіміне қатыса ма?
"Лео Мессиді құрметтеу салтанаты “Камп Ноу” стадионы 100% толық дайын болғанда өтеді. Бұл міндетті түрде жүзеге асады, өйткені ол – “Барселона” тарихындағы ең ұлы ойыншы.” – деді Элена Форт.
Бұған дейін "Барселона" жаңартылған стадионда алғашқы ойынын тамыздың 10-ы күні Жоан Гампер кубогы аясында өткізетінін ресми түрде жариялаған болатын. Осыдан кейін клуб 50 000–60 000 көрерменге шектеулі түрде ойындар өткізеді. Ал матчтар арасындағы үзілістерде құрылыс жұмыстары жалғасатын болады.
Біздің серіктес: FONBET