
Бүгін елордада өткен Қазақстан Премьер-Лигасының 14-туры аясындағы кездесуде «Астана» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжар» клубын қабылдады.
Ойынның небәрі 6-минутында астаналық қорғаушы Александр Нойок кездейсоқ өз қақпасына гол соғып алды. Алайда бірінші тайм соңына дейін «Қызылжар» есепті теңестіріп үлгерді. Елисей Горшунов қарсыластар қақпашысымен жеке кездесуді сәтті аяқтап, есепті 1:1-ге жеткізді.
Екінші тайм басталысымен-ақ, «Астана» командасы тағы алға шықты. Назми Грипши пенальтиден мүлт кетпеді. Араға екі минут салып Усман Камара да көзге түсіп, есеп 3:1 болды. Бірақ бұл матчтың нүктесі емес еді. 74-минутта Рафаэль Сабино, ал 79-минутта Сенин Себаи гол соғып, қонақтар есепті теңестірді. Қорытынды есеп: 3:3.
Осылайша, матч шынайы футбол триллеріне айналып, екі команда бір-бір ұпайдан қанағат тұтты.
Қазіргі таңда «Астана» 34 ұпаймен турнирлік кестеде көш бастап тұр. Ал «Қызылжар» 15 ұпаймен орта тұстан орын алды.
«Астана» — «Қызылжар» 3:3 (1:1)
Голдар: Нойок автогол, 6 (1:0), Горшунов 28 (1:1), Грипши пенальтиден, 51 (2:1), Камара, 53 (3:1), Сабино, 74 (3:2), Себаи, 79 (3:3)
Біздің серіктес: FONBET