
Шымкентте өткен Қазақстан Премьер-Лигасының 14-туры аясындағы ойында жергілікті «Ордабасы» алматылық «Қайратпен» кездесті.
Матч тағдырын бір ғана гол шешті. Ойынның 18-минутында Жоржиньо жылдам шабуылды голға айналдырып, «Қайратты» алға шығарды. «Ордабасы» есепті теңестіруге тырысып, шабуылдағанымен гол соға алмады. Тіпті «Қайраттың» екі ойыншысы алаңнан қуылғанына қарамастан, шымкенттіктер есепті өзгертпеді. Есеп: 0:1.
Осы жеңістен кейін «Қайрат» 33 ұпаймен турнир кестесінде екінші орынға шықты. Ал «Ордабасы» 19 ұпаймен ортаңғы орындарда келеді.
«Ордабасы» — «Қайрат» 0:1 (0:1)
Гол: Жоржиньо 18 (0:1)
Алаңнан қуылғандар: Глейзер 80, Эдмилсон 88.
Біздің серіктес: FONBET