«Қайсар» өз алаңында алғаш рет есе жіберді

29.06.2025, 22:13

Қызылордада өткен Қазақстан Премьер-Лигасының 14-туры аясында жергілікті «Қайсар» семейлік «Елімайды» қабылдады.

«Қайсар» өз алаңында алғаш рет есе жіберді

Ойынның 7-минутында алаң иелері сапынан Нұрдәулет Ағзамбаев әдемі соққымен есеп ашты. «Қайсар» ұзақ уақыт бойы осы басымдықты ұстап тұрды. Алайда 74-минутта Роман Муртазаев баспен гол соғып, есепті теңестірді. 89-минутта сол Муртазаев дубль авторы атанып, «Елімайға» жеңіс сыйлады. Есеп: 1:2.

Айта кетейік, 79-минутта «Қайсар» ойыншысы Махан алаңнан қуылды.

Осы нәтижеден кейін «Елімай» 24 ұпаймен турнирлік кестеде 5-орынға көтерілді, ал «Қайсар» 13 ұпаймен кестенің төменгі бөлігінде қалды.


«Қайсар» — «Елімай» 1:2 (1:0)
Голдар: Ағзамбаев 7 (1:0), Мұртазаев 74 (1:1), Мұртазаев 89 (1:2)
Алаңнан қуылған: Махан 79. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×