
«Ордабасы» бас бапкері Андрей Мартин «Қайратпен» болған кездесуді қортындылап, шымкенттік клубтың осал тұсын айтты.
«Меніңше, «Ордабасы» шабуылда белсенді болды. Қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанын бәріміз көрдік. Бірақ футболда ең бастысы – гол соғу. Өкінішке қарай, ойыншыларға тек жанкештіліктері мен мінездері үшін алғыс айта аламын. Алайда, бізге алдыңғы шепте жетіспейтін нәрсе бар. Мүмкін, бізге үнемі шабуылды түйіндейтін, соққы жасауға дайын, нақты гол соғуға шебер шабуылшы керек шығар. Иә, бізде дәл қазір ондай футболшымыз жоқ. Егер жазғы трансферлік терезеде сондай ойыншы таба алсақ, бізге жеңілірек болар еді. Өйткені, әр матчта мүмкіндік жасап жүрміз. Бүгін, тіпті, екі ойынға жететіндей сәттер болды. Алайда оны голға айналдыра алмадық. Жұмыс істеп жатырмыз, бірақ сапа қажет. Егер таба алсақ – жақсы. Табылмаса – осылай әрі қарай да жұмыс істеп, әр матч сайын осы компонентті жақсартуға тырысамыз. Себебі шабуылды түйіндеу жетінші келеді. Ондай шешуші сәтте салқынқанды бола алатын ойыншы қажет», – деді А. Мартин.
«Ордабасы» 14 турдан кейін 19 ұпаймен жетінші келеді. Келесі турда шымкенттіктер «Қызыл-Жармен» жолығады (5-шілде).
Біздің серіктес: FONBET