“Барселона” жалақы шектеуіндегі 1:1 ережесіне бұл жазда да қайта оралмайтынын мойындады

01.06.2025, 15:30

“Барселона” клубы 2024 жылдың жазында да Ла Лигадағы 1:1 жалақы ережесіне толық қайта қолдана алмайтыны белгілі болды. Бұл клубтың жаңа трансферлерге толыққанды еркіндік ала алмайтынын білдіреді.

“Барселона” жалақы шектеуіндегі 1:1 ережесіне бұл жазда да қайта оралмайтынын мойындады

Ла Лигадағы “1:1 ережесі” — клубтың кірісіне тең мөлшерде ғана шығын жасауына мүмкіндік беретін ереже. Яғни, клуб қанша табыс тапса, сонша сомаға жалақы мен трансферге қаржы жұмсай алады.

Қазіргі таңда “Барселона” бұл ережеге сай емес, олар “40%-тық ережеге” бағынышты. Бұл дегеніміз клуб бір футболшыны тіркеу үшін жалақы қорынан €10 млн босатса, тек €4 млн көлемінде ғана жаңа ойыншыны тіркей алады.

"Барселона” соңғы жылдары қаржылық тепе-теңдікті сақтай алмай келе жатыр.

Жалақы қоры тым жоғары деңгейде. Клуб бірнеше рет Ла Лига тарапынан шектеулерге тап болған. 2023 жылдың желтоқсанында клуб 475 VIP орынды 30 жылға жалға беріп, €100 млн табыс түсірді. Бұл уақытша демеу болғанымен, жалақы шегін толығымен қалыпқа келтіруге жеткіліксіз.

"Барса” жазда еркін трансфер саясатын жүргізе алмайды. Клуб жаңа ойыншылар тіркеу үшін жалақы қорын азайтуы немесе футболшылар сатуы керек.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×