“ПСЖ”-ның Чемпиондар лигасындағы жеңісінен кейін Франциядағы тәртіпсіздік салдарынан 2 адам қаза тауып, 192 адам жараланды

01.06.2025, 19:30

2025 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының финалында “Париж Сен-Жермен” “Интер Миланды” 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, тарихта алғаш рет турнир жеңімпазы атанды. Алайда бұл тарихи жетістік Францияда жаппай тәртіпсіздікке ұласты.

“ПСЖ”-ның Чемпиондар лигасындағы жеңісінен кейін Франциядағы тәртіпсіздік салдарынан 2 адам қаза тауып, 192 адам жараланды

"ПСЖ”-ның жеңісінен кейін Париж көшелерінде мыңдаған адам тойлауға шықты. Бірақ той-думан бақылаудан шығып, көптеген жерде көлік өртелді, дүкендер тоналды, қоғамдық мүліктер бүлінді, полицияғаларғы қарсылық көрсетіліп, қақтығыстар орын алды.

Ресми мәліметтерге сүйенсек 2 адам қайтыс болып, 192 адам түрлі деңгейде жарақат алды, оның ішінде бейбіт тұрғындар мен полиция қызметкерлері бар. Және 426 адам қоғамдық тыныштықты бұзғаны үшін қамауға алынды.

Полиция тәртіпті қалпына келтіру үшін газ және су шашатын техника қолданған.

Ел ішкі істер министрлігі арнайы мәлімдеме жасап, тәртіпсіздіктерді ұйымдастырған және қатысқан адамдардың жазаланатынын айтты.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×