
Италиялық беделді инсайдер Джанлука Ди Марционың хабарлауынша, “Манчестер Сити” жазғы трансфер терезесінде “ПСЖ” қақпашысы Джанлуиджи Доннарумманы өз қатарына қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Доннарумма 2024/25 маусымында ПСЖ-мен бірге Чемпиондар лигасын жеңіп алғанымен, финалдан кейін берген сұхбаттарында “болашағым жайлы нақты ештеңе айта алмаймын” деп, “Парк де Пренс” стадионында қалатынына күмән келтірді.
Қазіргі таңда “Ситидің” негізгі қақпашысы Эдерсонның болашағына қатысты белгісіздік туындауда. Оған Сауд Арабия клубтарынан ұсыныстар түсіп жатқаны хабарланған.
ПСЖ Доннарумманы оңайлықпен босата қоймайды. Оның нарықтық бағасы шамамен €60–70 млн аралығында.
Біздің серіктес: FONBET