Қызыл қағаздар мен голға толы тур: Қазақстан чемпионатының 11-туры рекордпен есте қалды

01.06.2025, 17:52

30-31 мамыр күндері Қазақстан Премьер-лигасының 11-туры өтті. Бұл тур маусымдағы ең тартысты әрі эмоцияға толы кезеңдердің бірі болды. Бірнеше рекорд жаңарып, турнир тарихындағы ең елеулі оқиғалардың бірі ретінде тіркелді.

Қызыл қағаздар мен голға толы тур: Қазақстан чемпионатының 11-туры рекордпен есте қалды

Қандай жайттар тіркелді?

- 7 матчта 26 гол соғылды. Әзірше бұл гол саны бойынша осы маусымдағы ең көп соғылған тур саналады.

- 36 сары қағаз көрсетіліп, 7 футболшы алаңнан қуылды.

⁃ Осы тур Қазақстан Премьер-лигасы тарихындағы ең дөрекі өткен ТОП-5 турына кірді.

⁃ Қызыл қағаз бойынша бір турда рекорд тіркелді.

⁃ «Ақтөбе» - «Қайрат» матчында ең көп 11 сары қағаз бен 2 қызыл қағаз көрсетілді. Бұған дейінгі рекорд 2020 жылы «Жетісу» - «Шахтер» (12 сары қағаз) кездесуінде тіркелген.

⁃ 10-тур ойындарын 36 700 адам стадионнан тамашалады.

⁃ Ең көп 12 400 жанкүйер «Ақтөбе» - «Қайрат» ойынын тамашалады.

⁃ 10-турда 213 футболшы алаңға шықты. Олардың арасынан 119 отандық футболшы (негізгі құрамда 87 ойыншы, қосалқы құрамнан 32 ойыншы) доп тепті.

⁃ 16 жастағы Дастан Сәтпаев чемпионаттағы 8-голын соқты.

⁃ «Қайсар» өз алаңында 5 жыл бойы «Жетісуді» жеңе алмай келеді.

⁃ «Ұлытау» өз алаңында 28 жылдан кейін қарсыласынан басым түсті.

⁃ «Елімай» былтырдан бері өз алаңында «Астананы» айласын асыра алмай тұр (1 тең, 2 жеңіліс).

Қай мемлекеттің өкілдері гол соқты?

Қазақстан - 20

Беларусь - 2

Гвинея - 1

Марокко - 1

Сербия - 1

Ресей - 1

Матчтардың нәтижесі:

«Елімай» – «Астана» – 0:2

«Жеңіс» – «Ордабасы» – 2:2

«Тобыл» – «Атырау» – 5:0

«Ақтөбе» – «Қайрат» – 1:2

«Ұлытау» – «Тұран» – 2:1

«Оқжетпес» – «Қызылжар» – 3:2

«Қайсар» – «Жетісу» – 2:2

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ҚПЛ
Aladop Youtube
×