«Барселона» жазғы трансферлік терезеде үш футболшыны қатарға қосуды жоспарлап отыр

19.09.2021, 21:31
Қазір каталондық клубтың қаржылық жағдайы мәз емес.
«Барселона» жазғы трансферлік терезеде үш футболшыны қатарға қосуды жоспарлап отыр

"Барселона" 2022 жылдың жазында үлкен трансферлер жасауды жоспарлап отыр. Каталониялық клуб "Боруссия" шабуылшысы Эрлинг Холанд мен "Манчестер Юнайтедтің" жартылай қорғаушысы Поль Погба мен "РБ Лейпцигтен" Дани Ольмоны сатып алғысы келеді.

Ольмо жазғы трансферлік терезенің соңғы күндерінде "Барселонаға" ауысуы мүмкін еді, бірақ қос клуб нақты мәмілеге келе алмады.

"Барселонаға" Холандты алу үшін басқа еуропалық грандтармен күресуге тура келеді. Қазір каталондық клубтың қаржылық жағдайы өте нашар, бірақ келесі жаздан бастап норвегиялық футболшының нарықтағы құны 75 миллион еуроға төмендейді.

"Барселона" сонымен бірге келісім-шарты 2022 жылдың жазында аяқталатын Поль Погбаны қатарға қосқысы келеді. Клубтың бұл ойыншыны алуға мүмкіндігі бар, өйткені Погба әлі "Манчестер Юнайтедпен" келісім-шартын ұзартпады, деп хабарлайды Mundo Deportivo.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×