Мұхаммаджон Рахимов: «Біз тек жеңіс үшін ойнадық, бірақ бүгін бұл қолымыздан келмеді»

19.09.2021, 19:19
Тәжікстандық футболшы кеше Премьер-лигадағы дебюттік голын соқты
Мұхаммаджон Рахимов: «Біз тек жеңіс үшін ойнадық, бірақ бүгін бұл қолымыздан келмеді»

«Ордабасының» жартылай қорғаушысы Мұхаммаджон Рахимов «Тұранмен» (1:1) болған ойын жөнінде пікірін білдірді:

- Біз бүгінгі «Тұранмен» ойында өзіміздің жанкүйерлерімізді қуантқымыз келді. Біз тек жеңіс үшін ойнадық, бірақ өкінішке орай, бүгін бұл қолымыздан келмеді. Әрине, мен өзімнің чемпионаттағы алғашқы голыма қуаныштымын, алайда команданың жеңісі одан бетер көңілімді көтерер еді. Біз үшін жанкүйерлік еткен барша көрермендерге алғыс айтқым келеді, біз олардың қолдауларын сезіндік. Келесі матчқа дайындалып, оң нәтижеге қол жеткізу үшін бар күшімізді саламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×