«Барселонадағы» президент сайлауы қашан өтеді?

11.09.2020, 17:14
Бартомеудің «Барселонадан» кететін күні алыс емес.
«Барселонадағы» президент сайлауы қашан өтеді?

"Барселона" өзінің ресми сайтында клубтың алдағы президент сайлауы туралы ақпаратты жариялады.

Сайлауды 2021 жылы 20 және 21 наурызда өткізу туралы шешім қабылданды. Әдетте, рәсім бір күн ішінде өтеді, бірақ бұл жолы коронавирустық пандемияның нәтижесінде ол екі күнге ұзартылады. Сол себепті сайлауды бірнеше жерде өткізу туралы да шешім қабылданды, ал бұған дейін сайлау бір ғана жерде болатын еді.

«Барселонаның» қазіргі президенті - 2014 жылы қызметіне кіріскен Хосеп Мария Бартомеу. Өткен маусымның аяғында команда «Бавариядан» (2:8) ұтылып, Чемпиондар лигасынан шығып қалды, маусым соңында команда капитаны, шабуылшы Лионель Месси клубтан кетуге ниет білдірді. "Барселона" басшысының жұмысына наразы болған жанкүйерлер ашуға булығып, наразылық акцияларын ұйымдастырды. Ақыр соңында Месси командада қалу туралы шешім қабылдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×